Электрсамокаттар апатынан қанша қазақстандық қаза тапты?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Электрсамокаттар апатынан қанша қазақстандық қаза тапты? frimufilms/Freepik

Қазақстан жолдарында электрсамокаттардың көбеюіне байланысты олар ұшырайтын оқыс оқиғалар саны да көбейді. Олар салыстырмалы түрде қауіпсіз көлік болып саналғанымен, апаттар тіркелген. Tengrinews.kz тілшісі электрсамокаттардың соқтығысуы қаншалықты жиі болатынын сұрап білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жолдарында электрсамокаттардың көбеюіне байланысты олар ұшырайтын оқыс оқиғалар саны да көбейді. Олар салыстырмалы түрде қауіпсіз көлік болып саналғанымен, апаттар тіркелген. Tengrinews.kz тілшісі электрсамокаттардың соқтығысуы қаншалықты жиі болатынын сұрап білді.

ІІМ Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында 2023 жылдың басынан бері елде электрсамокаттардың қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алған. Электрсамокаттар ұшыраған жазатайым оқиғалар саны туралы деректер әрдайым дұрыс бола бермейтінін ескеру маңызды, себебі оқиғалар хабарланбай қалуы немесе аз зерттелуі мүмкін.

Ішкі істер министрлігі екі түрлі оқыс оқиғадан екі адамның қаза тапқанын түсіндірді. Оқиғаның бірі Алматыда болған, самокат мотоциклмен соқтығысып, самокаттағы адам қаза тапқан. Екінші өлім жағдайы туралы толық мәлімет алу мүмкін болмады.

ІІМ мәліметінше, көбіне қалалық көлік саналатын электрсамокаттарды ауылдық жерлерде пайдаланушылар арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Электрсамокаттар мен басқа да осыған ұқсас көліктерді негізінен жастар пайдаланады, сондықтан мұндай апаттардан көбінесе жастар зардап шегеді. 2023 жылы жол апатынан зардап шеккен самокат жүргізушілері 25 жасқа толмағандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети