23 тамыз 2022 17:54

Электрсамокаттар көліктерге теңестіріледі - Алматы полициясы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында электрсамокаттар автомобильдерге теңестіріледі. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында электрсамокаттар автомобильдерге теңестіріледі. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жаңа норма стандарттары әзірленген. Ол бекітілгеннен кейін жол жүру ережесіне өзгерістер енгізіледі. Электрсамокаттарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

"Заңнамалық деңгейде электрсамокаттардың көлік құралы ретіндегі мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электрсамокат тебетіндер жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталып, құқықтар да, міндеттер де қарастырылады.

Қазір стандарт әзірленді, болашақта жол ережесіне өзгерістер енгізіледі. Олар енгізілген бойда бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әсер етеді", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети