Елімізде "адамның түрін тануға кедергі келтіретін" киімдерге заңмен тыйым салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде "адамның түрін тануға кедергі келтіретін" киімдерге заңмен тыйым салу ұсынылды © pexels.com

Елімізде "адамның түрін тануға кедергі келтіретін" киімдерге заңмен тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде "адамның түрін тануға кедергі келтіретін" киімдерге заңмен тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Министрлік заңдарға өзгерістер енгізу топтамасын әзірлеп отыр екен. Топтама негізін "Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы" құрайды. Ол мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың жаңа форматын ұсынады.

Топтаманың екінші бөлігі - "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі" Заң жобасы. Қазір ол әзірлену үстінде.

"Жоба келесі нормаларды ұсынады: шетелде діни білім алуды реттеу; қоғамдық орындарда адамның түрін тануға кедергі келтіретін киімдерге заңмен тыйым салу; діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету;діни көзқарасқа қарамастан барлық санаттағы адамдардың, деструктивті (теріс) идеологиялық, соның ішінде діни ағымдардың сыртқы көріністеріне тыйым салу құқығын қорғау; мемлекеттік қызметшілердің діни қызметке қатысуын реттеу; кәмелет жасқа толмағандарды діни қызметке заңсыз тартуға жауапкершілікті күшейту", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа осы заң жобасында "құдайға құлшылық ету", "діни әдебиет", "діни радикализм", "деструктивті діни ағым" және тағы басқалар сияқты бірқатар түсініктердің анықтамасы нақтыланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети