Елімізде ауа температурасы күрт жоғарылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде ауа температурасы күрт жоғарылайды ©Vesti.kz

Наурыздың 13-15-і күндері елімізде ауа температурасы осы кезең үшін қалыпты мөлшерден 5-10 градусқа жоғары болады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облысының аумағында ауа температурасының күрт көтерілуіне Орталық Азия аудандарынан жылудың көп таралуы себеп. "Температураның бұлай көтерілуі Каспий теңізінде қалыптасып, Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа жылжитын циклонның басталатынын білдіреді. Осы циклонның әсерінен республикада жауын-шашын мен көктайғақ болып, батыстан соғатын жел 15-20 м/с-ке күшейеді, ал оңтүстік пен шығыстың таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін", - делінген хабарламада. Айта кетейік, "Шымбұлақ" қар көшкіні станциясының мәліметінше, 10-11 наурыз күндері жүргізілген тексерудің нәтижесінде Кіші Алматы өзені бассейніндегі жеті көшкінжинағыш бөгетте жалпы көлемі 4100 текше метр болатын қардың көшкені анықталды. Зардап шеккендер мен басқа да шығындар жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети