Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады? © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 4-6 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылдың 4-6 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанға келген терең және белсенді циклон, сенбі күні 4 ақпанда оның аймағынан кетеді. Алайда онымен байланысты атмосфералық фронттар демалыс күндері ауа райына әсерін сақтайды. Сондықтан да республиканың көптеген облысында қатты қар жауады, 200-500 метрге дейін ештеңе көрінбейтін боран, секундына 17-25 метрге дейін қатты жел тұрады", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігіндегі облыстар демалыс күндері оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Мұнда қатты қар жауады, тұман, көк тайғақ және секундына 18-25 метрге жететін қатты жел тұрады.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, күрделі ауа райы Алматы облысының Қысқы универсиада өтіп жатқан таулы және тау маңындағы аудандарда күтілуде. Ал сенбі күні осы ауданда қатты қар жауып, тұман, екпінді жел күтілуде.

"Циклон тылында суық антициклон басталады, онымен бірге республика аймағында жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының климаттық нормадан 3-5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Алайда бұл салқындау аз уақыт қана болады, өйткені, келесі циклон 6 ақпан күні Қазақстанның батысына бет алады, онымен бірге температура қайта көтеріледі", - деді синоптиктер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети