Елімізде қолма-қолсыз есеп айырысу көлемі екі есеге артқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде қолма-қолсыз есеп айырысу көлемі екі есеге артқан © Тұрар Қазанғапов

Қолма-қолсыз есеп айырысу көлемі 2 есеге артқан. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қолма-қолсыз есеп айырысу көлемі 2 есеге артқан. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алдағы уақытта көлеңкелі экономика көлемін азайту - маңызды тапсырма. Соңғы жылдардың нәтижесі қолма-қолсыз есеп айырысу көлемінің артқанын көрсетті. 2019 жылы халықтың қолма-қолсыз есеп айырысуы 2 есеге артқан. Күн сайын халық 37 миллиард теңге көлемінде қолма-қолсыз 4 миллион транзакция жүргізеді. Алайда оның артуы бюджетке тиісті әсер етіп жатқан жоқ. Үкімет және нарық қатысушыларымен бірге істеген жұмысымыз қолма-қолсыз есеп айырысу нарығын дамытудың жаңа кезеңіне өтуді қамтамасыз етеді", - деді Досаев. 

Оның сөзінше, жоғары технологиялық, жалпыға ортақ есеп айырысу қызметін қалыптастыру және жаңарту үшін жүйелі шаралар жасалады.

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети