Елімізде сотталғандарға туыстарымен Skype-кездесуге заңмен рұқсат етілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде сотталғандарға туыстарымен Skype-кездесуге заңмен рұқсат етілмек © Орта Азиядағы PRI

Елімізде сотталғандарға туыстарымен Skype-кездесуге заңмен рұқсат етілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде сотталғандарға туыстарымен Skype-кездесуге заңмен рұқсат етілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сыртқы әлеммен, яғни отбасымен, туыстарымен, достарымен әлеуметтік байланыс жаза өтеу мерзімі бойынша заманауи ақпараттық технологиялар арқылы орнатылуы тиіс. Олар - Skype, ұялы байланыс, телефон, Интернет. Алайда байланысқа шығару түзелуге деген ниетті ынталандыру ретінде қарастырылуы керек", - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Астанада түрмеден шыққан азаматтарды сауықтыруға бағытталған кешенді жобаның таныстырылымында. 

"Біз қазір қалайша тиімді етсек болады деп ойлап отырмыз - не Skype арқылы, не өзге технологиялар арқылы. Конкурс жарияланады", - деді ол тілшілерге. 

"Мәселен, егер сотталған адам Астанада қылмыс жасаса, мұнда жалпы режим жоқ. Жалпы режимдердің ең жақыны Степногорскте. Туыстары ары-бері жүре бермеуі үшін, скайп арқылы немесе онлайн-әңгімелесулер ұйымдастыруға болады", - деді Аюбаев. 

Жоба аясында сотты болғаны жайлы анықтаманы алып тастау ұсынылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети