Еліміздің бірнеше облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірнеше облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды © unsplash.com

Еліміздің бірнеше облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірнеше облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 3 тамызда кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 3 тамызда тәулік бойы Қостанай облысында найзағай, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с, бұршақ, дауыл күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, 4 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл жаууы ықтимал, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысатыны айтылады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейтіні хабарланған болатын. "Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз 22-23 градус жылы болса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарда 28-38 градус жылы болады", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети