Еліміздің солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды © radio7.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы төрт күнге дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланған, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме дасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы төрт күнге дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланған, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме дасап. 

2 қарашада Астанада жел төменнен соғады. Күндіз ауа температурасы 2 градус нөлден жоғары. 3 қарашада - оңтүстік бастыстан соққан жел секундына 15-20 метр болады. 3-4 қарашада мұзтайғақ болады. 

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Петропавл қаласында 2 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Көктайғақ болады.

2-4 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, күндіз 2 қарашада, түнде 3 қарашада екпіні секундына 25 метр күшейеді.

2 қарашада тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 522.38  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети