Элитада ешқандай жанжал немесе қарсылық жоқ - Назарбаев

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Элитада ешқандай жанжал немесе қарсылық жоқ - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, элитада жанжал немесе қарсылық жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, элитада жанжал немесе қарсылық жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған келген көптеген өтінішке жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға байланысты 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанымды, содан бері зейнеткер екенімді, қазір Қазақстан астанасында демалыста екенімді, ешқайда кетпегенімді мәлімдеймін", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті бейнеүндеуде.

Назарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық билікке ие екенін айтты.

"Ол - Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақында Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарсылық жоқ. Бұл туралы қауесеттер мүлдем негізсіз", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев жасаған үндеудің толық мәтіні мен видеосы мына сілтемеде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети