Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
"Достар, өкінішке қарай, коронавирусқа тапсырған соңғы тест оң нәтиже көрсеткені туралы жағымсыз жаңалықты хабарлауға мәжбүрмін. Өкінішке қарай, бұл вирустың симптомсыз формасы емес, сондықтан мен жұқпалы ауруханаға жаттым", - дейді Елжан Біртанов.
"Барлық санитарлық шараны қатаң сақтағаныма қарамастан, әрдайым қауіп-қатер бар. Бұл әсіресе жұмыс істейтіндерге қатысты, қашықтан жұмыс істей алмайтындарға. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкерлер, кәсіпорын, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері арасында вирус жұқтырғандардың өсімі байқалады. Қазір көптеген азаматымыз Қазақстанда жаһандық дағдарыс пен пандемияның салдарына байланысты проблемаларды шешу үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жиі жеке кездесулерге барып, аймақтарға шығу қажет болады, сондықтан бізде COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары.
Сондықтан БАРЛЫҚ қазақстандықтан "жеке карантинді" сақтауды сұраймын. Достар, вирус жұқтырудың алдын алу бойынша ұсыныстарды ұстаныңыз.
Тағы да қайталап айтамын:
1. Мүмкіндігінше жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және тағы басқа жерлерде қашықтық ұстаңыз.
2. Кеңсе қызметкері болсаңыз, қашықтан жұмыс істеуге тырысыңыз.
3. Туыс, достармен видео байланыс, жаңа технологиялар арқылы онлайн сөйлесіңіз;
4. Қоғамдық орындарда маска тағу;
5. Қолды жиі кемінде 20 секунд жуып, санитайзермен өңдеу;
6. Уақытылы өзінің және отбасы мүшелерінің температурасын өлшеу, сынап термометрін қолданған дұрыс.
Әлсіздік, бас ауыруы, тамақ қышуы, дене қызуы сынды вирустың ерте симптомдарды байқалса дереу дәрігерге хабарласыңыз!
Бекем болыңыздар! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!", - деп жазды ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!