Эллина Күлдинаның денесінен зорлық белгілері табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың денесі 21 мамырда Нұра өзенінен табылған болатын.
Эллина Күлдинаның денесінен зорлық белгілері табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың денесі 21 мамырда Нұра өзенінен табылған болатын.
Бүлдіршін қыздың мәйіті сот-медициналық сараптамасына жіберілді. "Сағат 21.14 шамасында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторына Нұра өзенінің Қошқарбаев ауылына жақын маңдағы арнасынан қыздың денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, мәйіттің Эллина Күлдинаныкі екенін анықтады", - деді Ақмола облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.
"(...) Оның үстінде көкшіл сұр түсті күртке, ши барқыт шалбар, ақшыл сары түсті аяқ киім және қысыл түсті бас киім болды. Денесінен зорлық белгілері анықталған жоқ. Мәйіт Астанадағы сот-медициналық сараптамасына жіберілді", - деді облыстық ІІД өкілі.
Еске салайық, қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 10 мамырда тарады. Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 2014 жылы дүниеге келген Эллина Күлдинаның Нұра өзенінде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Қыздың отбасымен болған демалыста жоғалғаны анықталды. Балық аулағаннан кейін, қыздың ата-анасы үйге жиналып, заттарын көлікке сала бастаған. Бірақ қыздың жоғалып кеткенін кейіннен байқайды. Ал 12 мамыр күні Эллина Күлдинаның мойынорағышы өзеннен табылған болатын.