Ақмола облысында осымен екінші апта іздестіріліп жатқан екі жасар қыз Эллина Күлдинаның жоғалуы туралы істе күтпеген жайлар белгілі болды. Қыздың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчукке сілтеме жасап.
Ақмола облысында осымен екінші апта іздестіріліп жатқан екі жасар қыз Эллина Күлдинаның жоғалуы туралы істе күтпеген жайлар белгілі болды. Қыздың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчукке сілтеме жасап.
"Негізгі нұсқа - қыз суға батып кетті. Ата-анасының сәбидің жоғалуына тікелей қатысты болуы туралы нұсқалар қарастырылып отырған жоқ. Бірақ оларға қатысты 141-бап бойынша ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") қылмыстық іс бірден қозғалды. Қыздың суға құлап кетпеуін қарады ма, жоқ па - осы мәселе бойынша. Жоғалған қыздың дерегі бойынша іздестіру бойынша іс қозғалды", - деп хабарлады ол.
Айта кетейік, бұл бап бойынша қыздың ата-анасы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.
Еске салайық, қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 10 мамырда тарады. Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 2014 жылы дүниеге келген Эллина Күлдинаның Нұра өзенінде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Қыздың отбасымен болған демалыста жоғалғаны анықталды. Балық аулағаннан кейін, қыздың ата-анасы үйге жиналып, заттарын көлікке сала бастаған. Бірақ қыздың жоғалып кеткенін кейіннен байқайды. Ал 12 мамыр күні Эллина Күлдинаның мойынорағышы өзеннен табылған болатын.
Қызды іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ақмола облысы мен Астана қаласының құтқарушылары және еріктілер көмектесіп жатыр. Еріктілер елорда тұрғындарынан да ҚТЖ ғимараты мен "Салтанат сарайының" алдына жиналып, іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрады. Сонымен қатар, Астана қаласының Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері іздеу жұмыстарына қатысатыны жайлы хабарлады. Ал 16 мамырда қызды іздестіру жұмыстары үшін Нұра өзеніндегі Преображенский су торабының шлюзін ашу қажеттігі туралы айтылған болатын.