ARU LIFE жобасының кезекті қонағы Эльмира Әлиева – онкомаммолог, сертификаты бар пластикалық хирург және үш баланың анасы. Ольга Спиринамен ашық әңгіме барысында қазақстандықтар өзіне денсаулығын сеніп тапсыратын дәрігер осы мамандықты таңдауға не түрткі болғанын, адам өміріне араша болған сәттері, пандемия кезіндегі қиын кезең туралы және жақындарының қолдауы қаншалықты маңызды екенін айтып берді. ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы.
ARU LIFE жобасының кезекті қонағы Эльмира Әлиева – онкомаммолог, сертификаты бар пластикалық хирург және үш баланың анасы. Ольга Спиринамен ашық әңгіме барысында қазақстандықтар өзіне денсаулығын сеніп тапсыратын дәрігер осы мамандықты таңдауға не түрткі болғанын, адам өміріне араша болған сәттері, пандемия кезіндегі қиын кезең туралы және жақындарының қолдауы қаншалықты маңызды екенін айтып берді. ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы.
Дәрігер Әлиева адам өміріне сан мәрте араша түскен – тек ота жасау бөлмесінде ғана емес, жұмыс орнынан тыс жерде де бірнеше адамның өмірін құтқарып қалған. Бір күні эпилепсия талмасы ұстап, құлап қалған жігітке көмектессе, тағы бірде ұшақ бортында талып қалған әжейдің есін жиғызған.
"Бірінші оқиға өте қызық болды. Мен, әдетте, жұмыста сағат 5-ке дейін отырамын. Бірақ сол күні ертерек жинала бастадым, 2008 жыл еді. ҮБір күш итергендей, үйге асықтым. Тарлау, кішкентай автобусқа кірдім, алдымда 14-15 жас шамасындағы екі бозбала отырды. 5 минуттан кейін біреудің "Ол нашақор шығар!" деген даусын естідім. Бұрылып қарасам, жігіт көгеріп бара жатыр, гмпоксия басталып кеткен. Мұндайда дәрігерсің бе, жоқ па, ойланбайсың – бірден әрекет етуге көшесің. Еденге жатқыздық, мен есікті ашсын деп айқай салдым. Қасымдағы ер адаммен бірге оны сыртқа шығардық, өйткені тар автобуста көмек көрсету мүмкін емес еді. Ең алдымен тілін орнына келтіру керек болды, өйткені сіңірлері тартылып, құрыса бастады. Саусағымды аузына салған сәтте ол жағын қысып, саусағымды тістеп қалды. Қасымда тұрған ер адамның көмегімен саусағымды әрең алып шықтым. Ең қызығы, оқиға болған автобус жүргізушісі шығып, көмектеспеді, бағыты бойынша кетіп қалды. Біз бозбаланың есін жиғызып, жедел жәрдем шақырып, анасын шақырттық", - дейді Эльмира Кушалиқызы.
Кейін дәрігер өмірін құтқарып қалған бозбаланы көшеде кездейсоқ кездестіріп қалған. Ол жігітке сол автобусқа ойламаған жерден отырғанын, жолы болғанын және өмірдің берген екінші мүмкіндігін ақылға салып, пайдалану керегін айтқан.
"Мұндай сәттерде біреуге қолұшын соза алғаныңа шүкір дейсің. Бірақ, шынымды айтсам, мамандығымды ауыстырғым келген кездер болған. Елестетіп көріңізші – карантин, үрейге толы жыл, басымызды қатерге тігіп жұмыс істедік. Ауруханалар жабылып, персонал кезек-кезек ауырып жатты, мейірбике жұмысқа шықпай қалып, хирургқа оның орнына көмектесесің, кейін санитар боласың, өйткені адам жетіспей жатты. Кез-келген дәрігер де, бас дәрігер де жұмыс талғамай істеді. Бас дәрігерің өкпесі қабынып, аурухана түскенін, жедел жәрдемде жүрген курстасың ауырып қалғанын естігенде, қорықпастан басқа шара жоқ. Ең қорқыныштысы сол еді. Өзіміз үшін қорыққанымыз жоқ – бетперделер жетпей, бинттен маска жасап, пациент сайын ауыстырып отырдық. Ертеңіне жұмысқа шыға алу үшін өзімізге дәрумендер салдық. Өмірімдегі ең қиын жыл болды, адамдар бір-бірінен соң көз жұмып, жүйкеге қатты әсер ететін жағдай болды. Бір кезде өзімді, үш баламды аядым. Бірақ таңертең оянып, өзімді қолға алып, "сағат Жаратқан күш беріп тұр – бар да, жұмысыңды істе" дедім", - деп еске алды маммолог.
Пандемияның алғашқы жылын Эльмира Әлиева әскери іс-қимылдар кезеңіне ұқсатады. Ол кезде ешкім не істеу керегін, қалай емдеу керегін, нендей әрекет ету керегін білмеді. Осы қиын сәттерде оған отбасы қолдау көрсеткен.
"Маған күйеуім қолдау көрсетіп келеді. Үйленер алдында, диплом алатын кезім еді, күйеуіме хирургияның өте қиын мамандық екенін, айына кемінде 4-6 кезекшілігім болатынын, мамандығымды тастамайтынымды айттым. Сол кезде қолдады, әлі де қолдап келеді. Кезекшілікке баруым керек болса, ешқандай мәселе туындамайды", - добавляет Эльмира Кушалиевна.
Дәрігердің үлкен қызы анасының жолын қуып, дәрігер болғысы келеді. Эльмира жанұясында дәрігерлер династиясы қалыптасады деп үміттенеді. Бірақ жастар таңдауды өздері жасауы керек деген ойда. Әлиеваның өзі болашаққа, тіпті, алдағы демалыс күндеріне де жоспар құрмауға тырысады.
"Әрине, балаларыммен бірге көбірек уақыт өткізгім келеді, өйткені тек ақыл айтып отыратыным естерінде қалмаса деймін. Демалғым келсе, телефонымды өшіріп тастаймын. Мұндай кездері пиццаға тапсырыс беріп, балалармен фильм көреміз, табиғат аясына – Медеуге, Түргенге жиірек шығып тұруға тырысамыз. Өмірімде ешбір өкінетіндей жағдай болған жоқ, тек әкеме диагноз қойылған соң, өмірін ұзартуға ықпал ете алмағаныма налимын. Менің бақытты болуымның құпиясы – қабылдау және алғыс айту. Ғаламда бәрі бумеранг қағидасымен жұмыс істейді, не істесең де, күндердің күнінде өзіңе қайта айналып келеді", - деп сөзін түйіндеді Эльмира Әлиева.
ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 4G-ден ондаған есе жылдам 5G технологиясын белсенді дамытуда.