Эльмира Суханбердиева Қазақстанда жүр - Адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эльмира Суханбердиева Қазақстанда жүр - Адвокат

Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиева сот тағайындаған айыппұлды төлеген. Бұл мәліметті оның адвокаты Айгүл Әміренова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиева сот тағайындаған айыппұлды төлеген. Бұл мәліметті оның адвокаты Айгүл Әміренова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол (Эльмира Суханбердиева - түсіндірме) Қазақстанда, Нұр-Сұлтанда, отбасымен бірге. Мен еңбек демалысына шетелге шықтым. Ол Қазақстанда, өз үйінде. Менімен күн сайын байланыста және ешқайда кетуді жоспарлап отырған жоқ. Сот үкімі бүгін күшіне енді және оған қарсылық білдіргендер болмады. Ол айыппұлды толығымен өтеп қойды. Іс жабылды", - деді Айгүл Әміренова. 

Осыған дейін, Telegram-каналдарының бірінде Эльмира Суханбердиева ел аумағынан шығып кеткені туралы ақпарат тараған еді. 

Таяуда білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шыққан еді. Сот Эльмира Суханбердиеваны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Айта кетейік, бұған дейін сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу келісімін жасаған, осыған байланысты қылмыстық іс сотқа жеделдетілген тәртіпте жіберілген.

Айта кетейік, бұрын сотқа дейінгі тексеру барысында Эльмира Суханбердиеваға пара алды деген айып тағылған. "Пара болған жоқ. Біз бұған дейін де келіспегенбіз, себебі бізге тағылып отырған айыптың негізі балаларға слетте берілуі тиіс болған екі iPhone болған. Бұл бастапқыда пара деп бағаланды. Содан кейін бұл бапты алып тастады", - деп хабарлады Эльмира Суханбердиеваның қорғаушысы Айгүл Әмренова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети