Еліміз Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымына түсіністікпен қарайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Қазақстан Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымына түсіністікпен қарайды, бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесуі кезінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге, соның ішінде Украинадағы қоғамдық-саяси ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын қорғаушы, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігіне мүдделі Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын атап өтті", - делінген хабарламада. Мемлекет басшысы мүдделі тараптардың байыптылық танытатынына және жағдайды келіссөздер жолымен тездетіп қалпына келтіретініне үміттенетінін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігін жеткізді. Украинадағы саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешу мәселесін ҚР Президенті Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен кезінде де айтты. "Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті украин дағдарысын барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен, бұл елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ортақ қатер мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып, дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңыздылығын қуаттады", - делінген ҚР Президентінің сайтында. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалды бейбіт түрде шешу үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты. Әңгіме барысында Қазақстан - Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткен келісімдер негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелері де талқыланды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro