Елімізде 1 қыркүйектен бастап жаңа комитет жұмысын бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде 1 қыркүйектен бастап жаңа комитет жұмысын бастайды Фото: depositphotos.com

1 қыркүйектен бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі республикалық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмәди Сарбасов 6 тамызда Үкіметтің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық департаменттерін құру туралы қаулысы қабылданғанын еске салды.

"Комитет пен оның аумақтық департаменттерін құру, штаттарды жасақтау жұмыстары тамызда аяқталады. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Тамыздың соңына дейін комитет пен жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті заңдық және техникалық рәсімді аяқтайды. Бұл еңбек заңнамасының сақталуына және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді", - деп түйіндеді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети