Елімізде 4763 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде 4763 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысынында биылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша ғарыштық мониторинг арқылы 4763 рұқсат етілмеген қалдық тастау орны анықталғанын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысынында биылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша ғарыштық мониторинг арқылы 4763 рұқсат етілмеген қалдық тастау орны анықталғанын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде 2932 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны (ҚТҚ) бар, олардың 509-ы немесе 17,36 пайызы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

"Ел аумағында 191 қоқыс шығаратын ұйым жұмыс істейді, олардың теңгерімінде 2 мыңнан аса мамандандырылған автокөлік бар.

Биылғы 1 шілдеде күшіне енген жаңа Экологиялық кодексте бірқатар жүйелі шара көзделген, атап айтқанда, қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметін ретке келтіру және бақылау мақсатында хабарлама жасау тәртібін енгізу, сондай-ақ қоқыс шығаратын көлікті спутниктік навигациялық жүйелермен (GPS) жарақтандыру", - деді министр.

Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін ҚТҚ полигондарын рекультивациялауды немесе оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу және көму инфрақұрылымын құруды тапсырды.

Жергілікті атқарушы органдарға ғарыштық мониторингпен анықталған барлық рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, ІІМ, ЭГТРМ, АҚДМ және жұртшылықпен бірлесіп, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып, стихиялық қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізу тапсырылды.

Премьер-министр жосықсыз қоқыс үйінділерін тастайтын жерлерді анықтау және жою бойынша iKomek мысалында өңірлерде колл-орталықтар ашу қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин нысандар құрылысына рұқсат беру кезінде құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратуды қарастыруды, құрылыс қалдықтарын ҚТҚ полигондарын тығыздау мен рекультивациялауда, сондай-ақ негізгі пайдалы қазбаларды өндірудің тарихи орындарын рекультивациялауда қолдануды қарауды тапсырды.

Үкімет басшысы құрылыс қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде инфрақұрылым құрудың маңыздылығын атап өтті, бұл аса ірі және құрылыс қоқыстарын шығару үшін жағдай жасайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети