15 қаңтар 2020 | 11:31

Елімізде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов Тұрар Қазанғапов

Өткен жылдың желтоқсанына қарай Қазақстанның экономикалық белсенді халқы (жұмыс күші) 9,19 миллион адамға жетті - өткен аймен салыстырғанда 0,1 пайызға кем, бірақ бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 пайызға артық, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Өткен жылдың желтоқсанына қарай Қазақстанның экономикалық белсенді халқы (жұмыс күші) 9,19 миллион адамға жетті - өткен аймен салыстырғанда 0,1 пайызға кем, бірақ бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 пайызға артық, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Оның ішінде 8,75 миллион адам жұмыспен қамтылған (жылына+0,5 пайыз), тағы 443,6 мың адам - жұмыссыздар (бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда +0,4 пайыз). Жұмыссыздық деңгейі - 4,8 пайыз.

Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандардың 76 пайызы - жалданып жұмыс істейтіндер: 6,67 миллион адам - бір жыл бұрынғы көресткішке қарағанда 0,9 пайызға көп. Тиісінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - барлық жұмыспен қамтылған азаматтардың 31,6 пайызы немесе 2,1 миллион адам (бір жылда 0,6 пайыз).

HeadHunter зерттеу орталығы 2019 жылы еңбек нарығының қорытындысын шығарды. Компанияның мәліметінше сәйкес, 2019 жылы бос орындар санының өсімі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,68 пайыз болған. hh.kz порталындағы жұмыс іздеушілер саны 2,3 миллион адамнан асқан. 

Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие келесі кәсіп иелері аталды: сату (18,2 пайыз), бухгалтерия, басқару есебі және кәсіпорын қаржысы (8,3 пайыз), әкімшілік мамандар (7,2 пайыз), ақпараттық технологиялар, Интернет және телеком (6,5 пайыз), сондай-ақ банктер, инвестициялар және лизинг (6,5 пайыз).

Бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша үздік ондыққа Алматы, Нұр-сұлтан және Қарағанды қалалары көш бастады. Атырау мен Шымкентте кем түспеді. Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Оралда бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша көшбасшы қалалардың тізімін түйіндейді.

Ізденушілердің арасында сұранысқа ие кәсіби салалар: сату (12,9 пайыз), әкімшілік мамандар (8,4 пайыз), бухгалтерия, басқару есебі, кәсіпорын қаржысы (8,3 пайыз), өндіріс (5,9 пайыз). 19,1 пайыз еңбек өтілін енді бастағандар және студенттерге қолайлы салаларға тура келді. Түйіндемені орналастыру бойынша қалалар тобы бос орындарды орналастыру бойынша тізімге ұқсас, алайда көшбасшыларға Қостанай қосылды.

HeadHunter зерттеулеріне сәйкес, 2019 жылы да, 2018 жылы да қажетті жалақы мөлшері 120 мыңнан 180 мың теңге аралығында болған. 

Еске салайық, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ресми мәліметінше 2019 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша елдегі орташа айлық жалақы 191,1 мың теңгеболған еді. 

Орташа айлық жалақының нақты өсуі тоқсан ішінде - 2,5 пайызға, бір жыл ішінде - 18,1 пайызға жетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети