Синоптиктер 15-17 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 15-17 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, желдің күшеюімен күн күркіреп жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Ал республиканың батысында Архангельск өңірінен антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41 градусқа дейін жоғарылайды", - деді "Қазгидромет" өкілдері.