Елімізде алты жасқа дейінгі 1200-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© еlements.envato.com © еlements.envato.com

Қазақстанда алты жасқа дейінгі 1200-ге жуық бала коронавирусты жұқтырды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті редакцияның ресми сауалында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алты жасқа дейінгі 1200-ге жуық бала коронавирусты жұқтырды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті редакцияның ресми сауалында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде барлығы 10 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар жұмыс істейді. Оның ішінде, 440 мыңнан аса балабақша бар. Сондай-ақ, Қазақстанда 3800-ге жуық жекеменшік балабақша жұмыс істейді, оларға 331 мыңнан аса бала барады.

"Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Мұндай мекемелердің жұмысы Алматыдан басқа барлық өңірде тоқтатылды. Қала бойынша 745 балабақшаның 457-сі жұмыс істейді, оларда 17 мың бала барады, 1754 кезекші топ ұйымдастырылған. Кезекші топтардың қызметі Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады", - делінген комитет төрағасы Тимур Сұлтанғазиев қол қойылған жауапта.

Сондай-ақ, 0-6 жас аралығындағы балалар саны - 2,7 миллионнан аса. Оның ішінде, 771 мың бала мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларға баратын болса, тағы 121 мың бала шағын орталықтарға барады.

"Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ресми мәліметтері бойынша, мектепке дейінгі мекемелердің 19 қызметкері короновирус жұқтырған. Сонымен қатар, 0-6 жас аралығындағы 1193 бала COVID-19 жұқтырған", - деп хабарлады комитет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer