06 қараша 2019 13:04

Елімізде ауыл тұрғындарының саны қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр "Ауыл - Ел бесігі" жобасының іске асырылуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр "Ауыл - Ел бесігі" жобасының іске асырылуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Склярдің хабарлауынша, қазіргі уақытта 6 443 ауылда 7,7 миллион адам тұрады (ел халқының 42 пайыз).

"Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Ауылдың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынамыз", - деді Роман Скляр.

Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен "Ауыл - Ел бесігі" жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Бизнестің жол картасы-2020", "Еңбек" және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде - 1 150 тіректі және 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген 2 327 спутниктік ауылдар. Аталған ауылдарда 6,6 миллион адам немесе ауыл халқының 85 пайызы тұрады, оларды дамыту басымды түрде болады.

Халық саны өсуінің, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының жалпы қосылған құнның, халықтың жұмыспен қамтылуының жыл сайынғы өсу динамикасы бар осындай ауылдар ірі елді мекендерге жақын орналасқан.

"Бұл ауылдардағы мәселелерді кешенді шешу үшін айтарлықтай қаражат қажет. Алдын ала есептеулер бойынша 900 миллиард теңге қажет, бұл ретте республикалық бюджеттен 70 пайыз немесе 630 миллиард теңге, ал қалған 30 пайыз немесе 270 миллиард теңге - жергілікті бюджеттен бөлу ұсынылады. Аталған қаражаттарды 2027 жылға дейін бөлу ұсынылады", - деді Скляр.

2019 жылы шамамен 700 мың адам тұратын 53 ауылда 30 миллиард теңге сомаға 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. 

Бұлар әлеуметтік (мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары) және инженерлік инфрақұрылымдарды (жолдар, су, электр, жылумен қамтамасыз ету және т.б.) жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі жобалар болып табылады. Қаражаттар жоспарлы түрде игерілуде.

"Сондай-ақ, Тұңғыш Президент - Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында туған ауылдарды абаттандыру бойынша ірі кәсіпкерлердің "кіші отанына" қамқорлықпен қарау мен меценаттық жасаудың жарқын көрінісінің мысалдары бар", - деді Скляр.

Инфрақұрылымды жаңғырту бойынша үстіміздегі жылы оң нәтижелерге қол жеткізілді.

"Бұл жұмыстың бастамасы ғана. Басталған жұмыстарды біз 2020 жылы жалғастырамыз. Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Көзделген 30 миллиард теңгеге 2020  жылы қосымша 50 миллиард теңге бөлінетін болады", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Жалпы бөлінетін қаражатқа 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және іске асырылып жатқан жобаларға жаңа дағды алу мақсатында, ауыл жастары тартылатын болады. Жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жаңғырту ауыл экономикасын дамытуға жаңа серпін береді.

 Ұсынылған шараларды тиімді іске асыру үшін республикалық Жол картасының жобасы әзірленді. Тірек және спутниктік ауылдарды жылдар бойынша, 2027 жылға дейін дамыту кестесін жасау жоспарланған. "Ауыл - Ел бесігі" және басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздерін анықтау қажет. Ауыл экономикасын дамыту картасын әзірлеп, тиісті жобалық құжаттаманы дайындау керек.

"2027 жылға қарай барлығы АӨК дамыту, "БЖК-2020", "Еңбек", жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бағдарламаларымен бірге қаржыландыру 2 триллион теңгеден асатаны болады", - деді Р. Скляр. 

"Ауыл - Ел бесігі" жобасын іске асыру 7 жыл ішінде 7 миллион. ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 7 мың шақырымнан аса кентішілік көшелер салынып, жөндеуден өткізіледі. Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Жалпы, барлық шаралар кешені ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсерін тигізеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети