08 ақпан 2019 | 16:48

Елімізде аяздың беті қайтады - Синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

"Қазгидромет" метеорологтары елімізде алдағы аптада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" метеорологтары елімізде алдағы аптада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" директоры Марины Шмидт алдағы уақытта Қазақстанда қатты аяз болмайтынын айтады. 

"Аязды әкелген суық және күшті антициклондардың Қазақстанға ығысуына байланысты республиканың басым бөлігінде аяздың беті қайтады", - деді Марина Шмидт.

Маманның айтуынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде демалыс күндері ауа температурасы минус 18-23 градус болады. Бірақ кейбір жерлерде 28 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнгі уақытта 0-5 градус, кейбір жерлерде 10 градус аяз болады. Ал күндіз 3-8 градус аралығында жылы болатыны айтылады.

"Ауа температурасының жоғарылауына байланысты кейбір өңірлерде қар түсіп, боран соғады. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын жауып, кейбір аумақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады", - дейді метеоролог.

Бірақ, мамандардың айтуынша, аптаның басында күн суық болады. Дегенмен өткен аптадағыдай аяз болмайды.

"Қазақстанның солтүстігі мен орталығында түнгі уақытта ауа температурасы 22-27 градус, кейбір өңірлерде 30 градус аяз болады. Еліміздің шығысында 35 градусқа дейін аяз болса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 5-10 градус аяз болады. Бірақ бұл аяз ұзақ уақытқа созылмайды", - деді Марина Шмидт.

Ал солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 15-23 градус болса, күндіз 5-13 градусқа дейін жоғарылайтыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети