Елімізде Байланыс, ақпарат және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті құрылды. Комитет ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінен қайта құрылып, Ақпарат және коммуникация министрлігіне өтті. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің кадр жұмыстары жөніндегі департаменттің директоры Марат Иғали хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 16 маусымдағы Қаулысымен ҚР Инвестиция және ламу министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитеті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті болып өзгерді. Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрамында Ақпарат комитеті құрылды", - деп хабарлады Иғали.
Еске салайық, таяуда Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі пайда болған еді. Ведомствоға Дәурен Абаев басшы болып келген болатын.