2017 жылы жол жүру қағидасын бұзғаны үшін айыппұл төлемдерінің жартысы дерлік жеңілдікпен төленген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2017 жылы жол жүру қағидасын бұзғаны үшін айыппұл төлемдерінің жартысы дерлік жеңілдікпен төленген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жол жүру қағидасын бұзғаны үшін айыппұлды 50 пайыз мөлшерінде төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұл салу туралы 2 миллион аса қаулы шығарған, бұл ретте шамамен қаулылардың 45 пайызы (960 мың) 50 пайыздық жеңілдікпен төленген.
"Бұрын хабарланғандай, айыппұлды жеңілдікпен төлеу, егер тиісті бабтың санкциясы айыппұлдан басқа өзге де өндіріп алуларды қарастырмаса, жүргізуші айыппұлмен келісіп тұрса және айыппұл төлеу хаттама толтырған күннен бастап 7 тәулік ішінде жүргізіледі (мереке және демалыс күндерді қоспағанда), ал егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап көрсетілген айыппұл сомасын төлеуге құқығы бар", - делінген ІІМ хабарламасында.