Синоптиктер 2016 жылдың 26-28 қараша аралығындағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 26-28 қараша аралығындағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасының едәуір көтерілуі - жылы атлантикалық ауа массаларының ықпал етуінен болып отыр. Демалыс күндері тропосферадағы ауа батыс массасының ауысуы Қазақстанда әлі сақталады. Осы ретте республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі", - делінген болжамда.
Сонымен қатар, Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында күндізгі температура кей жерлерде 2-5 градус жылы, қалған аумақта 0-ден 7 градусқа дейін суық күтіледі екен.