ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2019 | 10:10
Елімізде денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі - Болжам
Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14 пайызға өскен. Сонымен қатар олардың сатып алу қабілеті де 8 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14 пайызға өскен. Сонымен қатар олардың сатып алу қабілеті де 8 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Сондай-ақ елімізде денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің көлемі бір жылда 21 пайызға артқан. 2019 жылдың І тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалақысы да өскен. Ол 13,8 пайызға артты.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артады. Бірақ оның өсуі, қызметкердің білігі мен еңбек өтіліне байланысты болады.
Сонымен қатар 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көлемі 292,7 миллиард теңге болды, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда бірден 21 пайызға артық.
Айта кетейік, биыл 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының XVIII кезекті съезінде Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру осы жылдың 1 маусымына ауыстырылды.
Показать комментарии
Читайте также