Елімізде халықаралық рейстер қайта ашыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде халықаралық рейстер қайта ашыла бастады Сурет: Tengrinews.kz

20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайтадан ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайтадан ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

17 маусымда комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылатынын хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта отандық және шетел әуе компаниялары халықаралық рейстер кестесін алдын ала жасады. Рейстер әуе компаниялардың веб-сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сонымен бірге, әуе компаниялары рейстер кестесін түзетуі мүмкін.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін халықаралық бағыттарға, атап айтқанда кестеде көрсетілген бағыттар бойынша (Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд және Грузия бағыттары бойынша) әуе билеттері сатыла бастады. 

Сонымен бірге, Қытайда шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қазақстандық және шетел әуе компанияларының кестесі қарастырылып жатыр.

Рейстер Қазақстан және шетелдердің санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда орындалады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының көлік саласындағы бас санитарлық дәрігері осы елдердегі жағдайды қадағалайтынын және эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтеміз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети