Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 сәуір күндері Қазақстан территориясында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 сәуір күндері Қазақстан территориясында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
" Еліміздің барлық дерлік аймақтарындағы 23-31 градустық ыстык күндер – қар аралас жаңбырға, екпіні 15-20 м/с күшті желге, кей жерлерде көктайғаққа, тұманға ауысады деп күтілуде. Түнгі температура 1-10 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 2-10 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
Оңтүстік пен оңтүстік шығыс аймақтарда жаңбырлы, бұлтты күндер күтілуде. 4-5 сәуірде түнгі мерзімде таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы ықтимал. Түнгі температура 1-7 градус жылылықты көрсетіп, кей аудандарда 3 градус суық, күндіз 8-13, кей жерлерде 18 градус жылы болады.