Елімізде жаңа мереке пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде жаңа мереке пайда болды Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қадырәлі Facebook-парақшасында жазды.

"Қадірлі достар! Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды. Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді. Енді міне, журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы күн белгіленіп отыр. Баспасөз саласында еселі еңбек етіп, қалам тербеп жүрген барша әріптестерімізді ұлттық баспасөз күнінің белгіленуімен құттықтаймын!" - деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети