12 мамыр 2021 | 14:11

Елімізде жаңадан салынған үйлер қаншалықты қымбаттады? Сарапшы жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жыл ішінде 9,2 пайызға өсті. Өсім бүкіл өңірде байқалады. Krisha.kz порталының сарапшылары осындай қорытындыға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жыл ішінде 9,2 пайызға өсті. Өсім бүкіл өңірде байқалады. Krisha.kz порталының сарапшылары осындай қорытындыға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюро деректеріне сүйенсек, бір жыл ішінде Павлодардағы бастапқы жылжымайтын мүлік едәуір қымбаттаған (29,2 пайызға). Екінші орында Орал (16,7 пайызға), үшінші орында - Қарағанды (15 пайызға).

Нұр-Сұлтанда мердігер компаниядан пәтер сатып алу 14,3 пайызға, Алматыда - 4,4 пайызға өскен, дейді сарапшылар.

Бір ай ішінде (2021 жылдың наурызынан сәуіріне дейін) жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 0,8 пайызға өскен:

  • Көкшетауда (2,7 пайызға);
  • Қостанайда (2,2 пайызға);
  • Нұр-Сұлтанда (1,7 пайызға);
  • Алматыда (0,6 пайызға);
  • Ақтау мен Атырауда (0,5 пайызға).

Өскеменде теріс динамика байқалған (8,2 пайызға аз).

Сәуірде жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есептегенде 327 мың теңгеден сәл асқан.

Ең қымбат пәтер Нұр-Сұлтан (1 шаршы метрге 426 мың теңге), Алматы (372,8 мың) және Шымкент (320 мың) қалаларында. Ең арзаны Таразда (150 мың) және Қызылордада (159 мың) "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан пәтерлер есебінен сатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети