Қазақстанда жастардың курортты қаласы тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тұрақты даму" Жер қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жастардың курортты қаласы тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тұрақты даму" Жер қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қор өкілдерінің айтуынша, Ақмола облысындағы Ақкөл қаласы 2017 жылға қарай курортты қала мәртебесіне ие болуы мүмкін. "Ақкөл қаласының әкімдігі бізге жер беріп отыр, бізді облыс әкімдігі де қолдайды, біз таныстырылымын жасадық. Біз қаламен таныстық. Қазіргі уақытта Ақкөл қаласындағы екі көлді тазарту мәселесін зерттеп жатырмыз, көлдерді біз тазалайтын боламыз. Біз келер жылдың көктеміне қарай жұмысқа ресми түрде кірісеміз, сол кезде құрылыс басталады", - деді Tengrinews.kz-ке сұхбат берген "Тұрақты даму" Жер қорының президенті Алан Бесен.
2015 жылға қарай Ақкөлде сегіз этномәдени бірлестік үшін "Достық үйінің", сонымен бірге, әлемнің симфониялық оркестрлері өнер көрсете алатын қазіргі заманғы амфитеатрдың құрылысы жоспарланып отыр.
"Қала қонақтары мен туристер жаңартылған инфрақұрылымды, ағылшын және неміс сәулетшілері жоспарлаған гүлзар мен көл жағалауын тамашалай алады. Шын мәнінде, мұнда қонақүйлер желісінен бастап, мәдени-сауықтық, спорттық, конгресс-көрме нысандарына дейінгі жаңа ғимараттармен толығатын қазіргі заманғы курорт кластері қалыптасады", - дейді идея авторы Алан Бесен. Оның айтуынша, Ақкөлге EXPO-2017 халықаралық көрмесінің меймандары келетін болады.
Қазіргі уақытта Ақкөл қаласының билігі жергілікті стадионды, спорт алаңдары мен басқа да демалыс орындарын күрделі жөндеуден өткізді. Екі қонақүй мен басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы басталды. Алан Бесен жобаның құнын жария еткен жоқ.