Әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмысқа орналасуы қиын. Әйелдердің 80 пайызы жоғары және орта кәсіби білімі бар, ал ерлерде тек - 73 пайыз. Соған қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші әйелдерде - 5,5 пайыз, ерлерде - 4,4 пайыз. Бұл мәліметтерді Ranking сараптама қызметі келтіріп отыр.
Әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмысқа орналасуы қиын. Әйелдердің 80 пайызы жоғары және орта кәсіби білімі бар, ал ерлерде тек - 73 пайыз. Соған қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші әйелдерде - 5,5 пайыз, ерлерде - 4,4 пайыз. Бұл мәліметтерді Ranking сараптама қызметі келтіріп отыр.
Тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіштері 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша келтірілген. Жазда (мамыр қорытындысы бойынша) елімізде жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 8,54 миллион болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш - 8,48 миллион адам еді. Яғни бір жыл ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 0,8 пайызға өскен. Олардың ішінде ер адамдар - 0,9 пайыз, әйелдер - 0,7 пайыз. Жалдамалы жұмысшылар саны - 6,4 миллион (75,2 пайыз) адам, өзін жұмыспен қамтушылар саны - 2,1 миллион (24,8 пайыз) адам.
Жұмыс істеушілердің жасы - 15-тен басталады. 2017 жылдың 1 тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға өсіп, 8,89 миллион адамға жеткен.
Жұмыспен қамтылған ер адамдар саны 52 пайыз болғанымен, жоғары білімі бары тек - 46,1 пайыз.
Әйелдердің білім деңгейі ерлерден жоғары: 34,5 пайыз ерлердің жоғары білімі бар, ал әйелдердікі - 43,8 пайыз.
Жалпы жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 39 пайызының жоғары білімі бар. Орташа арнайы білімі барлар саны - 37,5, ал жалпы орта білімі барлар - 17 пайыз.
Жұмыссыздық мәселесі 25-34 жас аралығында жиі кездеседі: 6,1 пайыз - ерлер, 7,7 пайыз - әйелдер.
Қолайсыз жұмыспен қамтылған әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда төмен. 2016 жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен ерлердің жалақысы - 169,35 теңге, ал әйелдер - 116,1 мың. Бұл дегеніміз 31,4 пайыз төмен. Жалпы 2016 жылы Қазақстанда жалақының орташа есебі - 142,35 мың теңге болды, оның алдында - 126,02 мың болған еді.