Елімізде жоғары білімді әйелдер ерлерге қарағанда көп - зерттеу

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмысқа орналасуы қиын. Әйелдердің 80 пайызы жоғары және орта кәсіби білімі бар, ал ерлерде тек - 73 пайыз. Соған қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші әйелдерде - 5,5 пайыз, ерлерде - 4,4 пайыз. Бұл мәліметтерді Ranking сараптама қызметі келтіріп отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмысқа орналасуы қиын. Әйелдердің 80 пайызы жоғары және орта кәсіби білімі бар, ал ерлерде тек - 73 пайыз. Соған қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші әйелдерде - 5,5 пайыз, ерлерде - 4,4 пайыз. Бұл мәліметтерді Ranking сараптама қызметі келтіріп отыр.

Тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіштері 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша келтірілген. Жазда (мамыр қорытындысы бойынша) елімізде жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 8,54 миллион болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш - 8,48 миллион адам еді. Яғни бір жыл ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 0,8 пайызға өскен. Олардың ішінде ер адамдар - 0,9 пайыз, әйелдер - 0,7 пайыз. Жалдамалы жұмысшылар саны - 6,4 миллион (75,2 пайыз) адам, өзін жұмыспен қамтушылар саны - 2,1 миллион (24,8 пайыз) адам. 

Жұмыс істеушілердің жасы - 15-тен басталады. 2017 жылдың 1 тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға өсіп, 8,89 миллион адамға жеткен. 

Жұмыспен қамтылған ер адамдар саны 52 пайыз болғанымен, жоғары білімі бары тек - 46,1 пайыз. 

Әйелдердің білім деңгейі ерлерден жоғары: 34,5 пайыз ерлердің жоғары білімі бар, ал әйелдердікі - 43,8 пайыз. 

Жалпы жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 39 пайызының жоғары білімі бар. Орташа арнайы білімі барлар саны - 37,5, ал жалпы орта білімі барлар - 17 пайыз. 

Жұмыссыздық мәселесі 25-34 жас аралығында жиі кездеседі: 6,1 пайыз - ерлер, 7,7 пайыз - әйелдер.

Қолайсыз жұмыспен қамтылған әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда төмен. 2016 жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен ерлердің жалақысы - 169,35 теңге, ал әйелдер - 116,1 мың. Бұл дегеніміз 31,4 пайыз төмен. Жалпы 2016 жылы Қазақстанда жалақының орташа есебі - 142,35 мың теңге болды, оның алдында - 126,02 мың болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer