11 желтоқсан 2017 | 10:32

Елімізде мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақыты 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sokto.ru © sokto.ru

Ата-аналар жұмыстан кейін балаларын балабақшадан алып кетуге үлгеру үшін 2018 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақыты 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін. Бұл туралы ҚР білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиевтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ата-аналар жұмыстан кейін балаларын балабақшадан алып кетуге үлгеру үшін 2018 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақыты 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін. Бұл туралы ҚР білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиевтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, Алматы білім басқармасындағылар мен Қазақстанның басқа өңірлеріндегі білім басқармалары осы мәселені қарастаруды жоспарлап отыр.

Бұл мәселені балабақшадан балаларын алып кетуге үлгере алмай жүрген ата-аналар да көтерген болатын. Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі мекемелерге бақылау жүргізілді. "Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар осы мәселені зерделеп, балабақшалардың 49,2 пайызының  жұмыс режимін 10,5 сағаттықтан 12 сағаттық жұмыс күні режиміне ауыстыру үшін қосымша қаражат бөлуді қарастырып жатыр", - делінген министрдің жауабында. Сондай-ақ, ата-аналар арасында кешкі кезекші топтарды ашу мәселесі бойынша сауалнама жүргізілді.

Жалпы, ҚР БҒМ мәліметінше, елімізде жұмыс істейтін балабақшалардың 9844-і - мемлекеттік, Олардың 53 пайызы бес күндік, 12 сағаттық жұмыс күнімен істейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети