12 желтоқсан 2016 | 12:00

Елімізде мемлекеттің қаржыландыруымен ЭҚҰ арқылы 1216 бала дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sp-express.ru © sp-express.ru

2010 жылдан бері Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында (ТМККК) 3981 экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭҚҰ) бағдарламасы қаржыландырылды. Елімізде бюджеттің қаржыландыруы нәтижесінде 2010-2016 жылдары 1216 бала өмірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

2010 жылдан бері Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында (ТМККК) 3981 экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭҚҰ) бағдарламасы қаржыландырылды. Елімізде бюджеттің қаржыландыруы нәтижесінде 2010-2016 жылдары 1216 бала өмірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдері елімізде қосымша репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) 1995 жылдан бастап енгізіле бастағанын еске салды. "Адам репродукциясы қалалық орталығында елімізде алғаш рет ЭҚҰ зертханасы ашылғаннан бастап енгізіле бастады. Бір жылдан соң "шыны түтіктен" тұңғыш бала туылды. Бүгінде Қазақстанда 22 ЭКҰ орталық жұмыс істейді, оның ішінде 17-і жеке меншік нысанда. ҚРТ әдістерімен елімізде 50 мыңнан астам ерлі-зайыптылар емделді. Емделу тиімділігі 15 пайыздан 43 пайызға дейін өсті. Бала туылуы дерегімен расталатын емделу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 29 пайызды құрайды, бұл орташа еуропалық көрсеткішке сай. Бедеулікке шалдыққан отбасыларда 12 мыңнан астам бала дүниеге келді", - дейді министрліктің өкілдері.

Сондай-ақ, 2010 жылдан бастап ЭҚҰ бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен қаражат бөліне бастапты. ҚРТ-ны қолдануды қажет ететін ерлі-зайыптылар ТМККК аясында үздік нәтижелі және тәжірибесі мол 2 мемлекеттік, 3 жекеменшік клиникаларда медициналық көмек алып жатыр екен.  

Министрлік өкілдерінің айтуынша, биыл мемлекет 821 бағдарламаға қаражат бөлген.

"Қазақстанда әлемде кездесетін әр түрлі формадағы бедеуліктің түрлерін емдеудің тәсілдері сәтті енгізілді.  Эндовидеохирургия, диагностикалау мен емдеудің гормональдық тәсілдері, андрология, медициналық генетика, эмбриология дамуда, жаңа қауіпсіз және тиімді дәрілік препараттар тіркеліп жатыр", - дейді министрліктегілер.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет Репродуктивті медицина институтында Жапония мамандарымен бірлес отырып, онкологиялық ауруларға шалдыққан әйелдерге репродуктивтік функцияларын, дүниеге бала әкелу қабілетін сақтау мақсатында және емделуден кейін бала тууға мүмкіндік беретін аналық без тінін криоконсервациялау тәсілі енгізілгені хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети