Қазақстанда Мемлекет басшысымен аттас 38 мыңнан астам адам бар. Оның ішінде, 95 адамның жеке бас мәліметі Қазақстан Президентінің аты-жөнімен толық сәйкес келеді. Бұл туралы "Экспресс К" басылымы жазады.
Қазақстанда Мемлекет басшысымен аттас 38 мыңнан астам адам бар. Оның ішінде, 95 адамның жеке бас мәліметі Қазақстан Президентінің аты-жөнімен толық сәйкес келеді. Бұл туралы "Экспресс К" басылымы жазады.
Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасаған басылымның мәліметінше, республикамызда бүгінде 38 мыңнан астам Нұрсұлтан тұрып жатыр. Оның ішінде, 95 адамның есімі - Нұрсұлтан, фамилиясы - Назарбаев. Аты-жөні Тұңғыш Президентпен тұтас сәйкес келетін адамдардың көбі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында - 18 адамнан. Назарбаевпен аттастардың 17-сі Маңғыстау облысында, 10-ы Ақтөбе облысында тұрады. Жамбыл мен Қызылорда облыстарында 8 адам, Қарағанды облысында 4 адам, Шығыс Қазақстан облысында 3 адам бар. Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматыда - 2 аттастан.
Басылымның хабарлауынша, былтыр елімізде Тұңғыш Президент күнінде туылған 744 сәбиге Нұрсұлтан есімі берілген. Ал биыл 1 желтоқсанға дейін-ақ 900-ден астам балаға Президенттің аты қойылды.
Басылым биылғы алғашқы жартыжылдықта 198 мың сәбидің өмірге келгенін жазады. Сарапшылар мұндай демографиялық қарқынмен 2014 жыл туу көрсеткіші жөнінен Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордты жыл атануы мүмкін деп есептейді.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, елімізде күн сайын мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Астананың өзінде Тұңғыш Президент күні 60 сәби туылды, бұл - былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 10 сәбиге көп.
Мамандардың айтуынша, мұндай туу көрсеткіші елімізде соңғы рет ширек ғасыр бұрын байқалған. Қазақстан халқы болжанған межеден де қызу қарқынмен көбейіп келеді. 90-жылдардағы демографиялық есептеулер бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетеді. Қазірдің өзінде ел халқының саны - 17 миллион адам. Демографтар статистиканың бұлай қалыптасуы елдегі тұрақтылықтың белгісі деп санайды.