13 наурыз 2019 14:08

Елімізде пәтер сатып алудағы қауіптер қалай жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bankist.ru © bankist.ru

Қазақстанда нотариус депозиті арқылы пәтерді сатып алу немесе сату бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу  кезінде келісімшартты қауіпсіз ету мүмкіндігі пайда болды. Заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы Алматы әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Егер сатып алушы мен сатушы сатып алу-сату келісімшартын жасаса, сатып алушы нотариустың депозитіне ақша салып, оның қызметін пайдалана алады. Келісімшарт тіркелген соң нотариус сатушыға ақша төлейді. Депозитті мүлікті сатып алу-сату мәмілесі кезінде ғана пайдалана алады. Мысалы, пәтерақыны төлеуге немесе тағы бір нәрсе де нотариус арқылы төлеуге болады", - деді ол.

Қанат Базарбаев банктер және жергілікті атқарушы органдармен қосымша жұмыстар жүргізілгенін айтты.

Қазір нотариустың БНАЖ жүйесі (бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе) арқылы осындай тіркеуді қадағалауға мүмкіндігі бар. Олардың ойынша, бұл тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған кезде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, нотариустар коммуналдық қызметтер, жалақы, нотариалдық куәландырылған келісімшартқа негізделген міндеттемелер бойынша қарыздарын өндіріп алады. Әділет департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл соттың әуре-сарсаң дүниелерін болдырмауға мүмкіндік береді, себебі мұндай жағдайларда оларды соттың төрелігіне қалдыратындай даулы негіздер жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети