03 тамыз 2020 | 13:01

Елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен

© elements.envato

Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр соңғы екі жылдағы пневмонияға қатысты біріккен статистика туралы айтты.

Реклама
Реклама

"Алдыңғы кезең бойынша нақты сандар бар, оны жасырмаймыз. Ол жерде пневмонияның бірнеше түрі бар - вирустық, бактериялық, зең, коронавирустық. 2019 жылы 2 тамызға дейін 76 985 жағдай анықталса, 2020 жылы - 256 541 жағдай тіркелді. 

Оның ішінде, 2019 жылы 2033 өлім жағдайы болса, ал 2020 жылы 4042 адам өлімі тіркелген", - деді министр. 

Қазақстанда коронавирус бойынша статистика қалай біріктіріледі?

Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная