Қазақстанда коронавирус бойынша статистика қалай біріктіріледі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© elements.envato.com © elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда пневмония мен коронавирустың біріккен статистикасы қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда пневмония мен коронавирустың біріккен статистикасы қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріккен статистикаға көшу 1 тамыздан басталады деп жоспарланған. Бүгін сағат 11:00-де денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысатын брифинг болады деп күтілген, алайда ол дүйсенбіге ауыстырылды. 

Бағдат Қожахметов статистика біріктірілгенін айтты. 

"1 тамыз деп жоспарланғандай Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйеге деректерді енгізу үшін жаңа кодтау алгоритмдері бойынша COVID-19 есебін жүргізе бастады. Одан кейін бір тәулік өткен жоқ, мәліметтер әлі де жаңартылып жатыр. Сондықтан бүгін шығып, методиканы енгізгенімізді айтып, ал нақты сандар ертең дайын болатынын айтқанымыз дұрыс емес болар", - деді ДСМ ресми өкілі. 

Қожахметов 2 тамызда жаңартылған мәлімет берілетінін айтты. 

"Ол жерде 1 тамыздағы ПТР-тесті оң және теріс нәтиже көрсеткен коронавирус жағдайлар санын айтамыз. Біз оларды "ықтимал жағдай" деп атаймыз", - деп түсіндірді Қожахметов.  

Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer