11 қаңтар 2019 | 09:46

Елімізде сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сабаққа бармай жүрген ата-аналарға айыппұл салынатыны жайлы хабарламаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сабаққа бармай жүрген ата-аналарға айыппұл салынатыны жайлы хабарламаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде "Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес негізсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 883 теңге көлемінде айыппұл төлейді" деген WhatsApp хабарламалар таралған болатын.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде оқушылардың сабақтан қалғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.

"Әкімшілік кодекстің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылады. Биыл бұл сома 2 525 теңге болды. Сонда 17 675 теңге көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай жағдайлар қайталанатын болса, 15 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Министрліктегілер мектеп немесе колледж қатысушысы себепсіз оқуға келмеген жағдайда басшылықтың бұл туралы білім басқармасындағыларға хабарлауы тиіс екенін айтты. Ата-анаға айыппұл салу мәселесі сот тәртібінде қаралады. Айыппұл бюджетке аударылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети