Елімізде сотталғандарға туыстарымен Skype-кездесуге заңмен рұқсат етілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елімізде сотталғандарға туыстарымен Skype-кездесуге заңмен рұқсат етілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыртқы әлеммен, яғни отбасымен, туыстарымен, достарымен әлеуметтік байланыс жаза өтеу мерзімі бойынша заманауи ақпараттық технологиялар арқылы орнатылуы тиіс. Олар - Skype, ұялы байланыс, телефон, Интернет. Алайда байланысқа шығару түзелуге деген ниетті ынталандыру ретінде қарастырылуы керек", - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Астанада түрмеден шыққан азаматтарды сауықтыруға бағытталған кешенді жобаның таныстырылымында.
"Біз қазір қалайша тиімді етсек болады деп ойлап отырмыз - не Skype арқылы, не өзге технологиялар арқылы. Конкурс жарияланады", - деді ол тілшілерге.
"Мәселен, егер сотталған адам Астанада қылмыс жасаса, мұнда жалпы режим жоқ. Жалпы режимдердің ең жақыны Степногорскте. Туыстары ары-бері жүре бермеуі үшін, скайп арқылы немесе онлайн-әңгімелесулер ұйымдастыруға болады", - деді Аюбаев.
Жоба аясында сотты болғаны жайлы анықтаманы алып тастау ұсынылды.