31 мамыр 2016 10:07

Елімізде туберкулезге тексерілуде мыңнан аса ереже бұзушылық анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Елімізде туберкулезге тексерілуде мыңнан аса ережебұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елімізде туберкулезге тексерілуде мыңнан аса ережебұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердің туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруына тексеріс жүргізді. Денсаулық сақтаудың статистикалық деректері бойынша кейінгі 10 жылда Қазақстандағы туберкулез ауыруы көрсеткіші 54,9 пайызға, ал өлім көрсеткіші 77,4 пайызға төмендеді.

"Сонымен қатар, тексеру барысында бірқатар ережебұзушылықтар анықталды, олар статистика ақпаратын бұрмалау, профилкатикалық іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көстету, науқастарды еркінен тыс емдеу шараларын қамтамасыз етпеу және т.б., - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мысалға, Талғар ауданының (Алматы облысы) Орталық емханасында тексеру күні 78 емделушінің флюорографиясы оң нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмегені анықталды. Жоспарлы флюорографиялық бақылауды уақтылы өткізбеу және сақтық шараларының болмауы  туберкулезді асқынған кезде анықтауға алып келеді, бұл жекелеген жағдайларда ауру адамның денсаулығына зиян келтіреді. Әулиекөл ауданының (Қостанай облысы) Орталық емханасына туберкулезге тексеруі қажет ауру белгілерімен аз. "О" бес айы бойы бірнеше рет қаралуға келген (2015жылғы 28 мамыр, 8 тамыз және 14 қазан).

Соған қарамастан, дәрігерлер ауруға сақтықпен қарамаған, нәтижесінде 22 қазанда ол туберкулезге қарсы ауруханаға жатқызылып, 4 қүннен кейін туберкулез ауруының асқынғандығынан жан тапсырған. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тегеу жүргізіліп жатыр.

Жалпы тексеру нәтижесінде, туберкулез ауыруына шалдығу күдігі бар адамдардың тексеруі уақтылы жүргізілмеген, толық тесерілмеген және т.б. 1028 дерек анықталды. Көрсетілген факторлардың сау адамдарға тікелей қауіп төндіріп отырғаны айтылады.

Сонымен қатар, туберкулездің таралмауы сол ауруға шалдыққан адамдардың жауапкершілігіне де байланысты. Тексеру барысында, науқастардың емделуден бас тарту фактілері анықталған, бұл жағдай аурудың ауа арқылы таралу қаупі бар қиын емделу түріне айналуына септігін тигізеді. Таңдаулы тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оңашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды.

Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестіріліп жатыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заң бұзушылықты және оның себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайдылықты болдырмай, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.

"Сонымен қатар, науқас адамдардың емделуден бас тартуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы және сот арқылы еркінен тыс шаралар қолданылуы мүмкін екенін еске сала отырып, барлық азаматтарды өзінің және өзге адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", - делінген ҚР Бас прокуратурасындағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети