Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Елімізде ұшуға рұқсат беру мерзімі ұзартылады

28 Шілде 2014, 11:59
0
©REUTERS
©REUTERS

Қазақстанда ұшуға рұқсат беру мерзімін бір айдан алты айға дейін ұзарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік және коммуникация министрілігінде көлік және туристік салалардағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі кешенді шараларды қабылдау мақсатымен құрылған көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Жұмыс тобын құруға туроператорлардың соңғы кездері клиенттерге дұрыс қызмет көрсетпеу жағдайлары себеп болды.

Кездесуге Азаматтық авиация комитеті, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілерінің одағы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туроператорлар, Туризм индустриясы комитеті, Халықаралық әуе көлігі ассоциация (ИАТА), Air Astana және Scat авиакомпаниялары, сонымен қатар Көлік прокуратурасы өкілдері қатысты.

"Қаралған мәселелердің қатарында қатысушылар авиакомпанияларға ұшу рұқсаты мерзімін бір айдан алты айға дейін ұзарту мәселесін талқылады. ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев қазіргі кезде бұйрық жобасы құзырлы ұйымдарға келісуге жолданғанын атап өтті. Әділет министрлігіне тіркеуге бір айдан кейін жолданады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, "Гульнар тур" турфирмасының жүздеген клиенті жаздың басынан бері Түркиядан Қазақстанға және керісінше ұша алмай қалған еді. Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің айтуынша, бұған турфирма бағдарламасын орындаушы Jet Airlines компаниясының ұшақтарды пайдалану рұқсаты мерзімінің өтіп кетуі себеп. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Туркомпанияның азаматтарға келтірген шығыны 30 млн теңгеден асады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай