16 қаңтар 2018 | 13:59

Еліміздің әр өңіріндегі шекара заставаларына батырлардың есімі берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шекара заставаларына батырлардың есімін беру мүмкіндігі туралы мәселені егжей-тегжейлі зерделеу үшін ҰҚК Шекара қызметіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген тәртіппен тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шекара заставаларына батырлардың есімін беру мүмкіндігі туралы мәселені егжей-тегжейлі зерделеу үшін ҰҚК Шекара қызметіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген тәртіппен тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін депутаттар шекара заставаларына батыр бабаларымыздың есімдерін беру мәселесін көтерген еді. Олардың айтуынша, бұл шекарашыларды батыр бабалардың ұлы рухында тәрбиелеуге үлес қосады және олардың есімдерін қазақ халқының тарихында мәңгі есте сақтауға оң ықпал ететіні сөзсіз. 

Мемлекеттік меншік объектілеріне, оның ішінде шекара заставаларына атаулар беру тәртібі Үкіметтің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген тиісті Қағидалармен (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалатыны айтылады.

"ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша, шекара заставаларының жалпы санының 10-ына атау беріліп қойған. Жергілікті атқарушы органдар қолдаған Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың Қызылорда облысындағы "Қызылқұм" шекара заставасына Жанқожа батырдың атын беру туралы бастамасы Үкіметтің 2017 жылғы 3 сәуірдегі №157 қаулысымен іске асырылғаны өздеріңізге белгілі", - делінген Досаевтың жауабында.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев қағидаларға сәйкес, мемлекеттік меншік нысандарына атау беру кезінде бірқатар талаптың ескерілетінін айтып өтті.

"Оның ішінде тарихи, географиялық және мәдени ерекшеліктер, әдеби тіл нормаларына сәйкестік, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен қоғам алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдерін беру", - деп жауап берді ол депутаттық сауалға.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети