18 желтоқсан 2019 17:58

Еліміздің бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЭКСПО іскерлік орталықта аумағындағы елдің бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады. Осыған дейін, шыршаның шамдары 18 желтоқсанда жағылады деп жоспарланған еді. 


ЭКСПО іскерлік орталықта аумағындағы елдің бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады. Осыған дейін, шыршаның шамдары 18 желтоқсанда жағылады деп жоспарланған еді. 

Салтанатты шарада қазақстандық әншілер өнер көрсетеді. Келушілер мұз төбешіктерінен сырғанай алады. Мерекелік бағдарлама "Нұр Әлем" сферасының астында болады. 

Сонымен қатар, ЭКСПО іскерлік орталықта мұз айдыны бар. 1300 шаршы метрлік мұз айдынында 200 адам бір уақытта сырғанай алады. Конькилерді жалға алу - 500 теңге, ал өзімен алып келген жағдайда кіру тегін. Дүйсенбіден жұмаға дейін 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін. 

ЭКСПО аумағында кафе мен мейрамханалар жұмыс істейді, 3000 орындық жерасты тұрағы да бар. 

Желтоқсанның 21-27 аралығында 15:00 және 18:00, 28 және 29 желтоқсанда 12.00, 15.00 және 18.00-де "Нұр Әлемде" жаңажылдық "Құпия суперкүш" шоуы өтеді. Танымал фильмдердегі және комикстердегі қаһармандары қонақтардың көңілін көтереді. "Нұр Әлем" сферасына билетпен кіреді. Алты жасқа дейінгі балаларға - тегін. Оқушыларға - 500 теңге. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети