"Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда" - Тоқаев жезқазғандық оқушыларға

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда" - Тоқаев жезқазғандық оқушыларға Сурет:akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.

Президент заманауи құралдармен жабдықталған "Өркен-медиа", өлкетану, домбыра және арт-студия кабинеттерін аралап, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесті.

"Ғылым, білім деген - өте маңызды. "Білімді мыңды жығады" деген даналық сөз бар. Білім - қазіргі аумалы-төкпелі заманда ең күшті, ең тиімді құрал. Білімді болсаң, міндетті түрде барлық қиындықты еңсересің. Сондықтан біздің мемлекетіміздің үлгілі, лайықты, абыройлы азаматы болыңдар. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда", - деді Мемлекет басшысы.

"Өркен" мектеп-интернатының оқушылары өлкетану кабинетінде Ұлытау өңірі мен Сарыарқаның тарихы, қасиетті орындары туралы оқи алады. Қасым-Жомарт Тоқаев туған өлкенің және қазақ халқының тарихын білудің маңызды екенін атап өтті.  

900 орындық қазақ тілінде оқытатын оқу ордасы 2020 жылы салынған. Мектеп-интернатта жаратылыстану және математикалық бағыт бойынша кәсіби бағдарға негізделген салалық білім беру бағдарламалары оқытылады.

Білім беру модельдерін жүзеге асыру үшін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен және Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музеймен ынтымақтастық орнатылған. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін 4 спорт секциясы мен 6 үйірме ашылған. Мектепті аралап көру барысында Мемлекет басшысына Қарағанды облысында сапалы білім беруді қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды.

Өңірдегі 499 мектепте 206 мыңға жуық оқушы білім алады. 21318 бала - 1-сынып оқушылары. Мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2022-2025 жылдары 16 мектеп, оның ішінде үшеуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен, сондай-ақ, бір жеке мектеп салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары туралы мәлімет берілді. Биыл өңірде 166 мектеп жөндеуден өткен және 2025 жылға дейін 299 мектеп жаңғыртылады деп жоспарланған.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының барлық білім беру нысанында дабыл түймелері мен хабар беру жүйелері орнатылған. 300-ден астам бала оқитын мектептерде арнайы күзет қызметі жұмыс істейді және турникеттер қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети