Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 7 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтауда да ертең күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел күшеюі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі. Оралда да күндіз бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшейетіні болжанып отыр.