22 тамыз 2022 | 08:23

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 


Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігін тұман басады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети