Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мәліметінше, 29 маусым түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 метр секунд. Петропавл қаласында түнде 29 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 метр секунд.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 метр секунд. 28 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 метр секунд.

Көкшетау қаласында 28 маусым күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр секунд. 29 маусымда Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 метр секунд. Орал қаласында 29 маусымда найзағай күтіледі. 29 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 метр секунд.

29 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің түнде кей жерлерінде 15-20 метр секунд, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 метр секундке дейін жетеді. Павлодар қаласы: 29 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз екпіні 15-20 метр секунд.

29 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 метр секунд. Қарағанды қаласында найзағай, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 18 метр секунд. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети